Қазақстанда үлескерлік құрылыс нарығы қысқармайды

0

2018 жылғы 28 желтоқсан 21:00 143

Қазақстанда үлескерлік құрылыс нарығы қысқармайды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстанда үлескерлік құрылыс нарығы дамытылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Орташа мерзімді болашақта үлескерлік құрылыс нарығы айтарлықтай қысқармайды, керісінше, одан әрі дами түседі», — деді «Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры» АҚ басқарма төрағасы Данияр Жұмашов ОКҚ-да өткен брифингте.

«2007-2008 жылдары үлескерлік нысандардың шамамен 90 пайызы тұрғындар қаражатының есебінен қаржыландырылған. Іс жүзінде, қаржыландырудың мұндай құрылымы өте қауіпті. Үйді салушы жобалық бағаның 30-40 пайызына өз қаражатын, ал 70 пайызына — тұрғындардың ақшасын құйған жағдайда орынды теңгерім (баланс) болады», — деп қосты ол.

Бұл ретте, ол үй салушыларға бұл балансты Астана және Алматы қалаларында орындау әлдеқайда қиын деп санайды.

«Көптеген құрылысшылардың бірнеше нысанды салуы себебімен, әрбір нысанға бір уақытта 30 пайыз қаражат табу қиын. Бірақ аймақтық салушы бір немесе 2 нысан салса, бұл әбден мүмкін», — деп атап өтті Д.Жұмашов.

Камила Амирова

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz