Назарбаев пен Путин 2018 жылдың нәтижелерін талқылады

0
82
Саясат

Қысқа сілтеме алу

14 0 0

Мемлекет басшылары 2018 жылғы екі елдің ынтымақтастығын қорытындылады

АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың 2018 жылғы нәтижелерін қорытындылап, Қазақстан мен Ресей арасындағы түрлі бағыттағы байланыстардың оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті», — делінген хабарламада.

Президенттер күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді, соның ішінде Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынастың қазіргі ахуалын талқылаған.

Қос елдің көшбасшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Қазақстан мен Ресей халықтарына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/