Қазақстанда тұқым шаруашылығын дамытуға инвесторлар қомақты қаржы салады

0
17 Қараша 2018, 11:24 57 0

Асатана, BAQ.KZ. Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен «KAZSEED» бірлескен кәсіпорнын құру ниеті туралы меморандумға қол қойылды. Бұл кәсіпорын Қазақстанда құрамында ГТА болмайтын заманауи технологияларды пайдалану арқылы сапалы тұқымдар өсіруге маманданатын болады, деп жазады primeminister.kz.

Қазақстанда озық технологияларды пайдаланумен жем-шөп дақылдарын өндіретін бірлескен кәсіпорын құру ниеті туралы Меморандум Kusto Group және тұқым шаруашылығы өнеркәсібіндегі көшбасшы сервистік және ғылыми-зерттеу компаниялардың бірі болып табылатын америкалық Baumgartner Agriculture Science and Service (BASS) компаниясы арасында жасалды.

Алғашқы жылы инвестициялар көлемі $25 млн жуық болып, біртіндеп артады. Бірлескен кәсіпорынның міндеті — Қазақстан фермерлерін сапалы, еліміздің ауа райы жағдайларын бейімделген тұқымдармен қамтамасыз ету. Кейін ТМД нарығына шығу жоспарланып отыр.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Шөкеев атап өткендей, мұндай озық кәсіпорындарды құру Мемлекет басшысы еңбек өнімділігін және ауыл шаруашылығындағы өңделген өнім экспортын 2,5 есеге арттыру міндетін қол жеткізуде зор рөл атқарады. Сапасы жоғары тұқымдарды өндіру дақылдардың мол өнім беруіне ықпалын тигізіп, еліміздің жем-шөп өндірісінің өсімінің негізіне айналады. Сонымен қатар қазақстандық фермерлердің түсімділігі жағынан жоғары сапалы тұқымдарды пайдалануы фермерлердің шығындарының өзіндік құнын біршама төмендетіп, өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттырады.

«Президенттің өткен жылы АҚШ-қа сапарының қорытындысы бойынша біз америкалық компаниялармен жұмыс істейміз. Бүгін алғашқы келісімшарт – тұқым өндіретін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім жасалды. Жалпы, АӨК-те бәрі тұқым шаруашылығына байланысты. Осыны түсіне отырып, біз биыл тұқым шаруашылығын субсидиялау ережелерін өзгерттік, ол біздің бұрынғы тәжірибемізден айтарлықтай өзгеше. Мақсатымыз – 3-4 жыл ішінде біздің барлық шаруаларымыздың үшінші репродукциядан жоғары емес деп сипатталатын тұқымдарды егуі. Сондықтан бұл тұрғыда Қазақстанда жем-шөп дақылдарын өсіру бойынша бірлескен өндіріс құру туралы шешімнің біз үшін маңызы аса зор», — деді Ө. Шөкеев.

АӨК дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда тұқым шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. Мәселен, тұқым шаруашылығында субсидиялау тәртібі қайта қаралды, егер бұрын фермер сапалы тұқымдар сатып алу үшін қаражат іздейтін болса немесе егетін материал ретінде тауарлық астықты пайдаланса, ендігі жылдан бастап фермерлер көктемде норма бойынша негізгі дақылдардың тұқымдарын тегін ала алады, ал күзде, есесіне жиын-терім жұмыстары біткен соң тұқым шаруашылығын дамыту арнайы қорына алған тұқымдарының бір бөлігінің құнын аударуы тиіс. Бұл фермерге егіс алқабының бір бөлігіне сапалы тұқымдар егуіне, ал көшірмелеу арқылы үш жылдан соң тек жоғары репродукциялы тұқымдарды себуіне мүмкіндік береді. Өз кезегінде, тұқым шаруашылығын дамыту қорында жинақталған қаражат өндірілетін тұқымдар сапасын арттыру мақсатында тұқым өсіру шаруашылықтарын олардың қажетті жабдықтар мен техниканы сатып алуларын қаржыландыру үшін бағытталатын болады.

«Kusto Group» директорлар кеңесінің төрағасы Е. Тәтішев тұқым шаруашылығында мұнай мамандандырылған компанияның пайда болуы еліміздің өсімдік шаруашылығын дамытуда аса маңызды қадам болғанын атап өтті. Бұл саладағы американдық әріптестердің озық технологиялар мен құзыреттіліктері тұқым өндіруге ғана емес, селекциялық жұмыстарға да көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

«Гендік түрлендірілмеген және гендік түрлендірілген өнімдер арасындағы айырмашылық неде? Соңғысы қандай да бір жаңа сапаға ие болу үшін гендерді өзгертеді. Бұл компания оны селекция арқылы іске асырады. Москиттік қарсы сапасы болуы үшін 10 рет ауысуы тиіс. Олар мұны Пуэрто-Рикода жүзеге асырады, себебі онда жыл бойы 3-4 рет өнім алуға болады. 3 жыл ішінде жаңа сапаларды – аязға төзімділігін, ерте шығуын дарыта алады. Мысалы, олардың жүгерісін аязда себуге болады, күннің жылуын күтіп керек емес. Күн жылығанда ол өзі шыға бастайды», — деді Еркін Тәтішев.

Американдық инвесторлар өкілдері Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласының дамуының оң динамикасын, сондай-ақ мемлекет АӨК барлық салаларын қолдау үшін G2B (Government to Business, Үкімет бизнеске) форматында қабылдап отырған шараларды атап өтті.

«Он үш жыл бұрын АҚШ-тың солтүстік штаттарының “жүгері белдеуі” үшін біз құрамында ГТА жоқ, ерте пісетін жүгері сортын өсіре бастадық. Бүгін қол жеткізілген келісімдер бұл генетиканың Қазақстанда жүрегі шаруашылығын дамыту үшін қолайлы бола алатынын дәлелдейді. Бұдан соң біз Қазақстан үшін сая дақылдарын да дамытатын боламыз, әрі, жүгерінің қазіргі гибридтерін үнемі жетілдіріп отырамыз. Зерттеулер Қазақстанда жүргізілетін болады. Біз қазақстандық құнарлы ауыл шаруашылығы жерлерінің шексіз әлеуетін байқап отырмыз. Біз Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша Kusto Group компаниясымен ынтымақтастық орнатуымызды мақтан тұтамыз және оған қуаныштымыз», — деді «Baumgartner Agriculture Science and Service» американдық компанияның бас директоры Эдвард Джосеф Баумгартнер.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ