Қазақстанда тағы бір өңір қызыл аймаққа енді

Фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда тағы бір өңірдің «қызыл» аймаққа кіргенін мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, Атырау облысы «қызыл» аймаққа кірді. Сондай-ақ, бұл аймақта тағы Ақмола облысы бар.
«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, сондай-ақ, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары бар.
Қалған өңірлердің барлығы «жасыл» аймақта.