Анталияда жоғалған қазақстандық 7 айдан соң өлі күйінде табылды

0
497
Сурет: instagram.com/cocky_rei/?hl=ru

21 жастағы қазақстандық Арайлым Орынбаеваны Түркияда 7 ай бойы іздеді. SonDaKika басылымының мәліметінше, оның денесі Анталия қаласынан табылды. Алдын ала болжам бойынша ол өзіне қол салған.

Жас қазақстандық Түркияда анасы және екі бауырымен бірге тұрып жатқан. 2020 жылдың мамыр айында отбасында кикілжің болып, Арайлым ұялы телефонын сөндірген күйі үйден кетіп қалады.

Араға жеті ай салып оның денесі жол маңына жақын орманнан табылды. Өзіне қол салды деген болжам бар.

Сондай-ақ, басылым 41 жастағы Салтанат Орынбаеваның қызының денесін танығаны туралы жазған.

Әйел адам соңына дейін қызы тірі күйде табылады деп үміттенген.