Қазақстанда тағы бір министрлік қайта ұйымдастырылды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

26 0 0

Жаңа ведомствоға таратылған ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бірқатар функциясы берілді

АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Қазақстанда Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Тиісті жарлыққа Нұрсұлтан Назарбаев бүгін қол қойды.

Мемлекет басшысының жарлығымен қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып қайта ұйымдастырылды.

Оған ақпарат және коммуникациялар министрлігінен байланыс, ақпараттандыру, «электрондық үкімет», мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту саласындағы функциялары мен өкілеттіктері берілді.

Бұған дейін, Қазақстанда ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылғаны хабарланған еді. Оның ақпарат саласындағы функциялары мен өкілеттіктері қоғамдық даму министрлігіне беріліп, қоғамдық даму министрлігі ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болып қайта ұйымдастырылды.

 



sputniknews.kz