Ерболат Досаев Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалды

0

Ерболат Досаев Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы болып сайланды. 25 ақпанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл қызметке Досаевтың кандидатурасын ұсынды. Президент ұсынысын сенат қолдады.

Бұған дейін ұлттық банк төрағасы болған Данияр Ақышев қызметінен босатылды.

48 жастағы Досаев Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болған. Ол бұл қызметке 2017 жылы тамызда тағайындалған. Оған дейін экономикалық даму және сауда министрі, денсаулық сақтау министрі, ұлттық экономика министрі болған.

25 ақпанда Асқар Мамин Қазақстанның премьер-министрі қызметіне тағайындалған.

21 ақпанда Назарбаев мәлімдеме жасап, үкімет жұмысын сынағаннан кейін Бақытжан Сағынтаев басқарған министрлер кабинеті тараған. Президент жаңа премьер-министр тағайындалғанға дейін үкімет жетекшісі қызметін атқаруды Асқар Маминге жүктеген еді.

Азаттық