Қазақстанда тағы 14 адамнан коронавирус табылды

0
0

Республикада қауіпті вирусты тағы он төрт адам жұқтырды, науқастардың жалпы саны 265-ке жетіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастар саны 265-ке жетті, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

«29 наурыз сағат 14:40-тағы жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 14 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында – 11 адам, Алматы қаласында – 3 адам», – делінген хабарламада.

Осылайша, елімізде 265 адам тіркеліп отыр.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 162 адам
  • Алматы қаласында – 67 адам
  • Қарағанды облысында – 7
  • Ақмола облысында – 6 адам
  • Атырау облысы – 6 адам
  • Жамбыл облысында -3 адам
  • Шымкент қаласында – 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам
  • Алматы облысында – 4 адам
  • Ақтөбе облысында – 1 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам
  • Павлодар облысында – 1 адам
  • Маңғыстау облысында – 1 адам
  • Қызылорда облысында – 2 адам.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз