Қазақстанда салықтың жаңа түрі: енді кімдер төлейді?

0

Жаңа сандық салықты резидент емес компаниялар төлеуі тиіс болады. Яғни қазақстандықтарға қызметін электронды форматта көрсететіндер міндеттеледі.

Олар салық төлеуші ретінде өздері тіркелуі тиіс. Бүгінде нарықта оннан астам отандық сауда алаңы жұмыс істейді. Салық алынатын қызметтер сапында бағдарламалық қамтамасыз ету құқығын сатып алу, компьютерлік ойындар, интернеттегі деректер базасы бар. Сондай-ақ электронды кітаптарды сатып алу, музыкалық және аудио шығармаларды тыңдау, көру де кіреді. Маркетинг және жарнама саласы да салықтан жалтара алмайды.

Мамандардың айтуынша, бастама қазақстандық және шетелдік компаниялардың бәсекелестігін арттырады. Ең бастысы, бюджетке жыл сайын 2 млрд теңге түсіп отырады деген болжам бар.

Биыл ішкі нарыққа 10 млн тоннадан аса көмір қажет. Оның 8 млн-ға жуығы қарапайым халыққа, қалғаны әлеуметтік нысандарға бағытталады. Бірақ, тарифтік келісім, газдандыру, жасыл энергитика сынды жаңашылдықтардың енгізілуі қара отынға сұранысты азайтқан. Десе де, өндіріс тоқтамайды. Алғашқы 7 айда 62 млн тонна көмір өндірілді. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 процентке көп. Негізгі өндірушілеріміз көмірді қиырдағы елдерге, Азияның бірқатар мемлекетіне жөнелтіп отыр. Пандемия бұл ретте шекараға шектеу болмаған. Бір айтарлығы, Қазақстандағы көмір қорының 300 жылдан аса уақытқа жетеді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді.

Нарықтағы баға. Бір келі кәдіні Павлодардан 80 теңгеге алуға болады. Ал Оралда өнім 150 тг тұрады. Қарағандыда 50 теңгеге қымбат, 150 теңгеге аласыз. Петропавлда 190 тг. Еліміздің шығысында кәді 200 тг сатылып жатыр. Ал Қостанайда 210 тг, Ақтауда кәді келісі 290 тг, елордада 300 теңгеден алуға болады.

Енді еліміздегі валюта бағамына тоқталайын. Доллар 418,35 теңге, еуро 495,60 теңге, Ресей рублі 5,73 теңге.

24.kz