Қазақстанда вакцина бағасы қанша?
Қазақстан Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов бір вакцинаның бағасы қанша теңгені құрайтынын айтты, деп хабарлайды KzNews.kz ақпарат агенттігі.
«Оның бағасы логистикамен байланысты болып отыр. Елге жеткізілгені үшін ақша төленетінін ұмытпау керек. Егер оны өз елімізде өндірсек, бағасының әлдеқайда арзан болатыны сөзсіз. Өйткені отандық өнімді әзірлесек, оның бағасын өзіміз бақылай аламыз. Қазір Қазақстанда екі дозадан тұратын 1 вакцина 26 АҚШ долларын құрайды. Бұл баға қай елде өндірілгеніне қарамастан, бәрінде бірдей», — дейді Ерлан Қиясов.
Сондай-ақ, ол жуырда отандық вакцина өндіріле бастайтынын атап өтті.
«Вакцина — ол қорғаныс. Ең алдымен сіз өзіңізді қорғайсыз. Сондықтан вакцина салдыруға кеңес беремін. Дегенмен ол әр адамның өз еркінде екенін ұмытпауымыз керек. Жаппай халыққа вакцина салу тегін түрде жүргізіледі», — дейді ол.
Еске сала кетсек, вице-министр вакцина салған соң өзін қалай сезініп жүргенін айтып берген еді.