«AZ-мен жүру да оңай емес». Ерке Есмахан жеке өміріне қатысты сырын ашты (видео)

0

Белгілі әнші Ерке Есмахан жеке өміріне қатысты құпиясын ашты. Ол осы уақытқа дейін Ninety one тобының экс-мүшесімен жүріп жүр деген сөзге іліккен-ді.

Әнші жеке өміріне қатысты алып-қашпа сөздің нүктесін қойғысы келген сияқты. Бұл жолы ол саяхатқа кіммен бірге барғанын айтып берді.

«Ерке Есмахан болу да оңай емес. AZ-мен жүру да оңай емес, бір қарағанда» деп жазды ол желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, бұл сөзінің дәлелі ретінде бірге серуендеп жүрген видеосын бөлісті. Әлеуметтік желі қолданушылары оларға қолдау білдіріп, қуанышын бөлісті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Еске сала кетсек, AZ лақап атымен белгілі рэпер бұл уақытқа дейін танымал модельмен көңіл жарастырып жүрген еді.