Қазақстанда нан қымбаттап жатыр

0
29
Сурет: https://zira.uz/

Нанды ең көп тұтынатын өңірлерге Түркістан, Ақтөбе облыстары мен Алматы кірді. Елімізде нан бір жылда 6%-ға қымбаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2021 жылдың бір айында нан 0,1%-ға, бір жылда 6%-ға қымбаттаған. Осы жылдың қаңтарында Қазақстанда 45 мың тонна нан пісірілген. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 22,9%-ға аз. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында 614,2 мың тонна нан пісірілген.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,8%-ға аз. 3 аймақта нан көп пісірілген. Көш басында халық тығыз қоныстанған Түркістан облысы тұр. 2021 жылдың қаңтарында мұнда 11,6 мың тонна нан пісірілген. Кейін тізімде Алматы қаласы (5,5 мың тонна), Ақтөбе облысы (4,5 мың тонна) тұр. Бір айда нан 0,1%-ға, бір жылда 5,7%-ға қымбаттаған.

Әсіресе жоғары сұрыпты ұннан пісірілетін бидай наны айтарлықтай қымбаттады: 2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың қаңтарына дейін баға бірден 10,3%-ға өскен. Қара бидай наны 9,8%-ға қымбаттаған.

Айта кетейік, бірінші сұрыпты ұннан пісірілетін «әлеуметтік» нан бір жылда тек 3,7%-ға қымбаттады. Бұл тұрмысы төмен қазақстандықтар үшін маңызды.