Қазақстанда мутацияға ұшыраған Covid-19 тіркелді

0
124

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің қызметкерлері мутацияға ұшыраған COVID-19 жаңа түрінің тіркелгенін хабарлады.

Қазіргі уақытта осы штаммдар бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілуде, олардың бір бөлігі елімізге шетелден әкелінген.

Вирустың мутациясы – бұл оның құрылымындағы белгілі бір өзгерістер. Мутация вирустың адамдар арасында таралуы мен қауіптілігіне әсер етуі мүмкін.

Зерттеушілердің айтуынша, бүгінгі таңда коронавирус геномында 13 мыңнан астам мутация анықталған. Бақытымызға орай, олардың ешқайсысы COVID-19 агрессивті және қауіпті түрінің пайда болу ықтималдығын растамады.

Алайда, бұл бетперде режимін, әлеуметтік арақашықтықты және санитариялық дәрігерлердің өзге де талаптарын сақтау қажеттілігін сақтау қажеттілігін жоймайды.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету