Қазақстанда мектеп оқушысынан алғаш рет коронавирус анықталды

0
0

Қазақстанда кезекші сыныпта коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов растады.

Шығыс Қазақстан облысы Парыгино аулында екінші сынып оқушысынан COVID-19-ға тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткен.

«14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы, Парыгино кентінде кезекші сынып оқушысынан коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды. Баланың анасы – мұғалім. Бірінші күні дене қызуы 37 градус болды, вирустың барлық белгісі болды. ПТР талдауы оң нәтиже берді», – деді Кожахметов.

Бала үйде емделеді, жағдайы қанағаттанарлық.

Онымен бірге 12 бала оқыды. Байланыста болған барлық адам тексеріледі.

Tengrinews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз