Қазақстанда медицина қызметкерлері 200-800 мың арасында жалақы алады — Цой

0

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отандық дәрігерлердің 200 мыңнан бастап 800 мың теңгеге дейін жалақы алатынын айтты.

«Өткен жылы медицина саласының қызметкерлеріне 113 млрд теңгеден астам әлеуметтік төлем жасалды. Қазіргі таңда ақ халаттылар 200-800 мың теңге аралығында жалақы алады. 

Яғни өткен жылы дәрігерлердің жалақысы 30%-ға артты. Осы орайда республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Ал президент бұл бастаманы қолдады. Дәрігерлердің жалақысын өсіру үрдісі жалғасын табады, себебі мемлекет тарапынан қолдау бар», — деді министр Цой.