Қазақстанда коронавирустан екінші өлім тіркелді – Қазақстан жаңалықтары

0
17

Бүгін Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекциядан екінші қайтыс болу оқиғасы тіркелді. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Сәуле Кисикова хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Науқас 50 жаста еді, жедел жәрдем бригадасымен 21 наурызда ауруханаға түсті.

«Өкінішке орай, бүгін бір өлім оқиғасы тіркелді. Ол бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жиі іссапарларға байланысты болған. Отбасы мүшелері мен жұмысшылар арасындағы барлық 31 жақын адамдар ауруханаға жатқызылды», – деді Кисикова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, үй карантиніне 55 ықтимал байланыста болғандар жіберілген. Кейіннен екі жақын отбасы мүшелерінен коронавирус инфекциясы тіркелді.

Бүгінгі таңда елімізде коронавируспен ауыратындардың 325 жағдайы расталды.

stan.kz