Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны күрт өсті
Өткен тәулікте (22 маусымдағы жағдай бойынша) Қазақстанда коронавирус инфекциясын 1248 адам жұқтырды.
Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 22 маусымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1248 жағдай тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 411 771 жетті.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында — 413,
Алматы қаласында — 117,
Шымкент қаласында – 64,
Ақмола облысында – 32,
Ақтөбе облысында — 32,
Алматы облысында — 28,
Атырау облысында — 50,
Шығыс Қазақстан облысында — 70,
Жамбыл облысында — 24,
Батыс Қазақстан облысында — 88,
Қарағанды облысында — 146,
Қостанай облысында — 30,
Қызылорда облысында — 28,
Маңғыстау облысында — 46,
Павлодар облысында — 46,
Солтүстік Қазақстан облысында — 13,
Түркістан облысында — 21.