Алматыда автотұрақ бақылаушысы мен жүргізуші арасында тағы да жанжал шықты (видео)

0
146

Алматыдағы Бақорда көпсалалы сауда орталығында жанжал болды. Автотұраққа көлік жүргізушісі 200 теңгенің орнына 100 теңге төлеп кірмек болған. Оған қоса ол түбіртек талап еткен. Жүргізушінің әрекеті автотұраққа жауапты қызметкерге ұнамай қалған, осылайша, жанжал туындаған, деп хабарлайды «Информбюро».

Көлік жүргізуші 200 теңгенің орнына 100 теңге беріп өтпек болған. Оған риза болмаған автотұрақ қызметкері жанжал шығарған.

Осы оқиғадан кейін Бақорда сауда орталығының әкімшілігі қыркүйек айында бес бірдей электронды терминал орнатпақ екен. Қазір Қытайдан жеткізілетін паркомат үшін базар басшылығы әрқайсысына 2 жарым миллион теңге төлеуге дайын. ЗӘУРЕ САПАЖАНОВА, Бақорда көпсалалы сауда орталығының әкімшілігі: –

“Бізге паркоматты қояды. Осы қыркүйекке таман. Кезекке қойып қойған. Бізде тағы бір сауда үйін жасап жатыр. Соны жасап болғаннан кейін бізге келеді. Кезекпен келісілген, ақша да бөлінді.

Электронды терминал базарға сауда жасау үшін келетін көлік жүргізушілеріне ыңғайсыз екен. Өйткені сағаттап тұрып, сауда жасайтын болсақ қалтамызды қағады дейді.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыдағы «Алтын Орда» базарының көлік тұрағында болған төбелес желіні шулатқан болатын. Ол кездде де жаға жыртысып, жұдырық ала жүгіруге 100 теңге себеп болған еді. Сауда орталығының тұрағына өтпек болған жүргізушіден күзетшілер алдымен 100 теңге төлеуін сұраған. Қалтасында бүтін 20 мың теңгесі болған жігіт ақшасын айырбастап келуді өтінген. Бірақ базардағы автотұраққа жауаптылар ұсынысқа келіспей, жанжал шығарған болатын.