Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны қанша болды

0

Елде тағы бес адамда коронавирус инфекциясы анықталды. Қазіргі уақытта елде барлығы 86 жағдай тіркеліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз — Sputnik. Қазақстанда тағы бес адам тапсырған сынама COVID-19 жұқтырғанын көрсетті, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі тауар және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті.

26 наурыз таңертеңгі соңғы мәліметкке сәйкес, елде вирусты 81 адам жұқтырды:

  • астанада  – 44 адам,
  • Алматыда – 34,
  • Қарағандыда — екі жағдай,
  • Алматы облысында — 1,
  • Ақтөбе облысында — 1 адам,
  • Шымкентте — 2 адам,
  • Жамбыл облысында — бір жағдай,
  • Солтүстік Қазақстанда — 1 адам.

Еске сала кетсек, елде 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі енгізілді. Ол сәуірдің 15-не дейін жалғасады.

Кеше, 25 наурыз күні Тоқаев коронавирус жағдайы биліктің бақылауында екенін айтты.



sputniknews.kz