Қазақстанда тағы 5 адамнан коронавирус анықталды – Қазақстан жаңалықтары

0
3
Advertisement

Қазақстанда коронавирусты жұқтыру жағдайларының саны 86-ға жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.коронавирус

«26 наурыз күні сағат 08:05-те Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы бес оқиғасы тіркелді – Нұр-Сұлтан қаласында – 3 жағдай, Алматы қаласында – 2 жағдай», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Бүгінгі күні елде коронавирусты тіркеудің 86 жағдайы расталды. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 44 жағдай, Алматы – 34 жағдай, Қарағандыда – 2 жағдай, Шымкентте – 2 жағдай, Алматы облысында – 1 жағдай, Ақтөбе облысында – 1 жағдай, Жамбыл облысында – 1 жағдай, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 жағдай. Сондай-ақ, екі адам коронавирустан сауықты.

Бұған дейін Алматыда коронавирусты жұқтырудың жаңа жағдай тіркелгені хабарланды.

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз