Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар көбейді

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар 685 адамға жетті, дертке шалдыққан үш мегаполис пен барлық облыста тіркелді
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір — Sputnik. Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 15 адам анықталды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
- Қарағанды облысы — 7,
- Жамбыл облысы — 5,
- Қостанай облысы — 2,
- Шымкент қаласы — 1.
Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша барлығы 685 адам дертке шалдықты. Коронавирустан алты адам қайтыс болды, қырық жеті адам емделіп шықты.
sputniknews.kz