Қазақстанда футболды нашар ойнағаны үшін мазаққа қалған оқушы өзіне қол салды
Қазақстанда мектеп оқушысы сыныптастары тарапынан футболды нашар ойнағанын бетіне басып қорлағаны салдарынан өзіне қол салған. Бұл туралы ІІМ басшысының бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қожаев айналасындағылардың қорлап, қудалауы баланың психикасына теріс әсер ететінін, содан кейін ересек өмірде аса қатыгез мінезге айналуы мүмкін екенін айтты.
«Қазақстандағы криминалды қылмыс тарихы көрсеткендей, ең жиі кездесетін сериялық қылмыскерлерді балалық шағында отбасынан және ортасынан көп қудалауға ұшырағандар. Мұндай жағымсыз жайттар біздің қоғамда, әсіресе жасөспірімдер арасында көп орын алады. Тергеу тәжірибесінен нақты мысал келтірейін.
Біздің еліміздегі мектептердің бірінде 12 жастағы оқушы футбол ойнай алмағаны үшін сыныптастары тарапынан қысым мен қудалауға ұшыраған. Футбол командасы бірнеше ойында жеңіліп қалып, оның кінәсін осы жасөспірімнен көрген. Бүкіл сыныптың футболды нашар ойнағаны үшін мазақ етуі баланың өзін — өзі өлтіруіне әкелді», — деді Марат Қожаев.
Парламент мәжілісінің жұмыс тобы шеңберінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілетін баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар қаралады. Бұл заң жобасы бойынша жұмыс 2020 жылдың мамыр айында басталды.