Home Жаңалықтар БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

0
1018
Сурет: radekkulupa

Батыс Қазақстан облысы мәслихат ғимаратында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 2 наурызда сағат 16:40-та болған.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, БҚО тұрғыны облыстық мәслихат ғимаратында өзіне бензин құйып, өртеп жіберген.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 46 жастағы ер адам денсаулық сақтау басқармасының шешімімен келіспейді. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Ер адам аман-есен, денесі күйген. Қалған адамдар зардап шеккен жоқ, – деді полицияда.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл оқиғаға кейінірек түсініктеме беруге уәде берді.