Қазақстанда доллар қайта қымбаттады
Қазақстанда доллар қымбаттап жатыр, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі KASE қор биржасына сілтеме жасап.
Бүгін таңғы сессияның қорытындысы бойынша, ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 0,87 теңгеге қымбаттап, 429,12 теңге болды.
Айта кетсек, мұның алдында Қазақстанның Ұлттық банкі 18 қарашада теңгенің долларға қатысты бағамы 428,13 теңге болатынын мәлім етті.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 430,20 теңгеден сатылса, астанада ақша айырбастау орындарында доллар 430,21 теңгеден сатылып жатыр.