Қазақстанда демалыс күндері ауа температурасы 0-ге жақындайды
«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Атап айтқанда, 5 қыркүйек күні түнде Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі.
5 қыркүйекте таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
5 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, 1-3 градус үсік болжанады.
5 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
5-6 қыркүйекте Жамбыл облысында найзағай, дауыл, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, күші 15-20 м/с артады.