Қазақстанда бокстан еңбегі сіңген жаттықтырушы қайтыс болды
Желтоқсанда Қазақстанның еңбегі сіңген спортшысы Александр Драч 79 жасқа толған еді.
Бүгін Ақтауда 80 жасқа қараған шағында бокстан еңбегі сіңген жаттықтырушы Александр Драч жүрек ұстамасынан қайтыс болды. Шәкіттері өзара «Сан Саныч» деп атайтын Александр Драч 14 желтоқсанда 79 жасқа толған еді.
Драч 1971 жылдан бастап қазақстандық боксшыларды жаттықтырған. Оның тәрбиеленушілері республикалық және халықаралық дәрежедегі түрлі жарыстарда жүлделі орындар алып, чемпион атанды. Александр Драч тек бокспен ғана шектелмеді. Ол баскетболды қатты жақсы көрген. Оның құрметіне талай мәрте споттық турнирлер өткізілді. Елге еңбегі сіңген бапкермен қоштасу рәсімі 2 қаңтарда сағат 12-де «Маяк» спорт кешенінде өтеді.
Дереккөз: sputniknews.kz