Қазақстанда бірден 138 адамның инфекция жұқтырғаны хабарланды

0

Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастардың саны 5 417 адамға жетті, оның 1118-і Нұр-Сұлтан қаласында, 1628-і Алматы қаласында

АЛМАТЫ, 13 мамыр – Sputnik. Қазақстанда тағы 138 адам коронавирус індетін жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

«Нұр-Сұлтан қаласында 15, Батыс Қазақстан облысында 11, Жамбыл облысында 6, Қарағанды облысында 3, Түркістан облысында 4, Атырау облысында 92, Шығыс Қазақстан облысында 1, Алматы қаласында 6 адамнан коронавирус анықталды», — делінген ақпаратта.

Осылайша, Қазақстанда науқастардың саны 5 417 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 1118,
  • Алматы қаласы – 1628,
  • Шымкент қаласы – 245,
  • Ақмола облысы – 110,
  • Ақтөбе облысы – 176,
  • Алматы облысы – 183,
  • Атырау облысы – 432,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 52,
  • Жамбыл облысы – 198,
  • Батыс Қазақстан облысы – 266,
  • Қарағанды облысы – 200,
  • Қостанай облысы – 68,
  • Қызылорда облысы – 231,
  • Маңғыстау облысы – 130,
  • Павлодар облысы – 154,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 36,
  • Түркістан облысы – 190.

Соңғы мәлімет бойынша  індеттен 32 адам қайтыс болды, 2 223 адам жазылып шықты.



sputniknews.kz