Қазақстанда байланыс құны өте арзан – Beeline басшысы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Байланыс бағасы өсе береді, онсыз бұл сала дамымайды. Бұл туралы Beelinе Қазақстанның бас атқарушы директоры Александр Комаров БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде айтты.
Оның айтуынша, алдағы бес жылда байланыс тарифтерін төмендету қарастырылмаған, керісінше баға өсе түседі.
«Қазір абоненттер күніне кем дегенде 3 сағат біздің мобильді қызметімізді тұтынады. Бұл дегеніңіз біздің өнім расымен де әлеуметтік өнім екендігін білдіреді. Қазір интернетті қолдану екі есеге көбейген және бұл сала 20% дейін инвестициялануда. Сондықтан менің түсінігімше, байланыс құны өсу керек, яғни өсім инфляциямен шамалас болады», -дейді ол.
А.Комаров сондай-ақ Beeline-ның операциялық қызметінің қорытындысымен және желіні дамытуға, сервистерді енгізу мен абоненттерге арналған ұсыныстарды жасауға қатысты алға құрған жоспарларымен бөлісті.
«Қазір Beeline абоненттер саны жағынан көш бастап тұрі. Үшінші тоқсан қорытындысы бойынша ұялы байланыс операторы клиенттерінің саны 10 миллион адамға жетті. Компания бұл көрсеткішке ашылғалы бері алғаш рет қол жеткізді. 20 жыл біз нарықта екінші болып келді», -дейді ол
Сонымен қатар ол, жиын барысында Beeline клиенттермен жұмыс істеу үшін чат-ботты іске қосқан және бүкіл сараптаманы бір жерге топтастырып, әлеуметтік желілерде қызмет көрсетуге арналған арнайы бөлім ашқан, Қазақстандағы алғашқы оператор екенін мәлімдеді.
«Beeline Қазақстан мобильді қаржылық сервистерді енгізуден де бірінші орында тұр. Компания төлем картасының екінші түрін шығарып үлгерді. Олардың біріншісі телефон теңгерімімен біріктірілген Visa және Mastercard карталары еді. Ұялы байланыс операторының жаңа ұсынысы – дебеттік карта, ол қараша айында ашылды. Сондай-ақ ХҚЖ бағытында Beeline жолақыны мобильді теңгерімнен төлеу, қолданбалар мен сервистерді Google play ресрусында сатып алу жолдары мен тағы басқаларын дамытуда. Егер Үкімет қаласа 1 жылда жолақы төлеуді электронды түрге ауыстыра аламыз», -дейді ол.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ