Қазақстанда автокөлік бағасы өскен
Алматы, BAQ.KZ. Елімізде сатылатын жаңа автокөліктің орташа бағасы 8 млн 482 мың теңгені құраған, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 7,6% жоғары. Бұл жайында Zakon.kz порталы жазды.
«ҚазАвтоПром» автокөлік кәсіпорын одағы 2018 жылдың 11 айы бойынша автокөлік нарығындағы баға өсімі жайлы айтып берді.
Осы аралықта Қазақстан тұрғындары 52 468 жаңа жеңіл автокөлік сатып алған, оның жалпы сомасы 449,2 млрд теңгені құраған.
Елімізде сатылатын жаңа автокөліктің орташа бағасы 8 млн 482 мың теңге, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 7,6% жоғары. Оның ішінде, отандық автокөлік өндірісі сегментіндегі көліктердің орташа бағасы анағұрлым төмен, яғни 5 млн 433 мың теңге шамасында. Дегенімен бұл баға өткен жылғыға қарағанда 11,3% жоғары. Ал импорттық өндірістегі автокөліктердің орташа бағасы 21,2% өскен.
Осы жылдың қаңтар-қараша аралығындағы есеп нәтижесіне сүйенсек, әр үшінші сатып алушы 5 млн теңгеден аспайтын көліктерді таңдаған. Олардың 19,5% немесе 10 218-і орта бағаға жататын көліктер, яғни 3,5 пен 5 млн теңге аралығындағы.
Сондай-ақ, 5 пен 7 млн теңге аралығында сатылған техника 21,9% құраған, бұл 11 471 көлік. Сонымен қатар, сатып алушылардың 15,4 пайызы 7 мен 10 млн теңге аралығындағы автокөліктерді таңдаған.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ