Қазақстанда ауа температурасы 40 градусқа дейін төмендейді. Жаңалықтарға шолу
Азаматтарды пәтерден тіркеуден шығарудың онлайн жүйесі іске қосылды
eGov порталында «Меншік иесінің өтініші бойынша тұрғылықты мекен-жайы бойынша азаматты уақытша және тұрақты тіркеуден шығару» аталатын жаңа қызмет пайда болды. Бұрын бұл үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына міндетті түрде бару керек еді. Енді азаматтар үйден шықпастан кез келген адамды пәтерінен шығара алады. Бұл үшін тек eGov порталына тіркелу жеткілікті.
Қазақстанда ауа температурасы 40 градусқа дейін төмендейді
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, елімізде аяз 25-27 желтоқсанда күшейеді. 25 желтоқсан күні Таймырдан Сібірге жылжитын суық антициклон Қазақстанның көптеген облыстарына қатты аязды әкеледі. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнгі температура минус 32…37°С дейін төмендесе, кей жерлерде аяз минус 40°С дейін күшейеді. Тіпті Қазақстанның оңтүстік-шығысында да суытады, кей жерлерде 25…30° дейін аяз күтіледі.
Шетелге шығатын қазақстандықтарға қызылшаға қарсы екпе алу ұсынылды
ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Еуропа және Азия елдерінде қызылша ауруының өршіп тұрғанын ескертті. Қазір ол жақтарда 70 мыңнан астам дерек тіркеліп отыр. Еліміздің Бас санитар дәрігері Ж.Бекшиннің айтуынша, Қазақстанда жыл сайын 4-4,5 мың адам екпеден бас тартады. Осының салдарынан балалар зардап шегеді. Қызылшаға қарсы екпе бала 1 жасқа толғанда ғана егілуі керек. «Бір жасқа толмай қызылшамен ауырған сәбилер ана құрсағында қажетті иммунитетті ала алмаған. Демек, аналары дер кезінде екпе салдырмаған» ,– дейді Ж.Бекшин. ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті қазақстандықтарға шет елдерге эпидемиологиялық ахуалын мұқият зерттеген соң баруға кеңес береді.
Жаңа жылдың алдында қандай шаралар болады?
Астана қаласының әкімдігі жаңа жыл мерекесі алдында елордада өтетін айтулы мәдени және спорттық шаралар легін жариялады.
Тәуелсіздік сарайы:
24-31 желтоқсан – «Ақанаев әулеті» жеке көркемөнер көрмесі;
24-31 желтоқсан – қазіргі заманғы «Ғарыштағы қозғалыс» көрмесі;
24-30 желтоқсан – № 52 орта мектептің мұғалімі Ж. Қайраттың «Арман әлемі» атты жеке көрмесі;
24-30 желтоқсан – Рүстем Беркімбаевтың «Үміт жолы» жеке көрмесі;
24-31 желтоқсан – «Еркіндіктің дастаны – Астана» фотокөрмесі;
24-31 желтоқсан – «Тәуелсіз Қазақстанның шежіресі» фотокөрмесі;
24-31 желтоқсан – Астана қаласының Суретшілер одағы жастар бірлестігінің «Менің Елім – Мәңгілік Ел» көрмесі.
Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры:
25 желтоқсан (16:00) – Э. Шварцтың «Күлше қыз» ертегісі;
26 желтоқсан (18:30) – К.Кизи, «7 + 1» драмасы;
27 желтоқсан (18:30) – Шевренің «Ізгілік формуласы» комедиясы;
28 желтоқсан (18:30) – Р.Куни, «Туған күн» комедиясы.
«Жастар» сарайы:
24-26 желтоқсан (10:00, 13:00, 15:30) және 27-30 желтоқсан аралығында (10:00, 13:00) – «Ғажайыптар карналвал» жаңа жылдың мерекесі;
24 желтоқсан (10: 00-20: 00) – неміс өнімдерінің жәрмеңкесі;
24-30 желтоқсан (10:00, 12:00, 14:00) – жаңа жылдық «Қар ханшайымы» ертегісі;
28 желтоқсан (17:00) – Жаңа жылдық дискотека.
«Астана» концерт залы:
24-26 желтоқсан (10: 00-20: 00) – «Жаңа жылдық сыйлық» көрмесі;
25 желтоқсан (19:00) – «Думанды жаңа жыл» жаңа жылдық концерті;
26 желтоқсан (19:00) – «Жаңа жыл әуендері»концерті;
27 желтоқсан (19:00) – «Сиқырлы сәт» Жаңа жылдық концерті;
29 желтоқсан (18:00) – «Christmas time» жаңа жылдық концерті.
«Астана Опера» театры:
25 желтоқсан (19:00) – «Шыршадағы рождество» камералық және вокалдық музыка концерті;
29-30 желтоқсан (17.00) – «Астана Опера құттықтайды» концерті.
Қуыршақ театры:
24-30 желтоқсан (12:00, 14:00) – «Жаңа жыл кешіндегі мыстан кемпірдің қылықтары» атты жаңа жылдық ертегі.
«Барыс арена» кешені:
24 желтоқсан (19:30) – «Барыс» ХК – «Admiral» ХК кездесуі.
Қалалық алаң, «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының аумағы:
18 желтоқсан – ақпан: «Astana Winter Land» фестивалі шеңберінде бірқатар іс-шаралар легі.
Бейбітшілік және келісім сарайы:
24 желтоқсан (19:00) – «Notre Dame de Paris» мюзиклі.
Елордалық цирк:
20 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін (16:00) – «Бақыт құсы» жаңа жылдық цирк бағдарламасы.
«Астана» концерт залы:
24 желтоқсан (20:00) – «Өнер қырандары» театрының 10 жылдығына арналған концерт;
25-26 желтоқсан (12.00) – Жаңа жылдық «Алдар Көсе» музыкалық ертегісі;
28-29 желтоқсан (12.00) – «Қар ханшайымы» жаңа жылдық музыкалық ертегі.
Амфитеатр (Есіл жағалауы):
24-30 желтоқсан (11: 00-20: 00) – Жаңа жылдық ойын-сауық бағдарламасы.
«Астана балет» театры:
25 желтоқсан, 27-28 желтоқсан (сағат 19.00) және 29-31 желтоқсан (18.00) – П. Чайковскийдің «Щелкунчик» балеті.
Қалалық алаң:
29 желтоқсан (11: 00-12:00, 17: 00-18:00) – мұз қалашығында «Көңілді қыс» старты басталады.
«Алау» мұз сарайы 28 желтоқсан (11.00) – Санта Клаус жүлдесіне арналған балалардың конькимен сырғанау сайысы.
«Nomad City Hall» концерт залы:
25 желтоқсан (19:00) – Астана театрының «Театр 180°» спектаклі.
Ақбұлақ өзені:
30 желтоқсан (10.00) – пимадан хоккей турнирі.
Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанның бірқатар дүкен сөрелеріне мерзімі өтіп кеткен тәттілер шығарылған
ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, еліміздің бас санитар дәрігері Ж.Бекшин олардың бірқатары сатылымнан алынып тасталғанын мәлімдеді. Алайда балаларға арналып жасалған сыйлықтар қорабындағы кейбір тәттілер тексерілмеген. Бас дәрігер олардың бәрін тексеру мүмкін еместігін ашып айтты. Егер қолға түскен тәттілердің арасында мерзімі өтіп кеткендері болса, комитеттің аймақтардағы органдарына жүгінуге кеңес берді.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жүйрік пойыздардың билеттеріне 55 пайызға дейін жеңілдік жариялады
Компанияның «Тұлпар-тальго» пойыздарына билетті 11 қаңтар мен 28 ақпан аралығында жеңілдікпен сатып алуға болады. Жеңілдіктің көлемі пойыз жүретін күнге қанша уақыт қалғанына байланысты, сондай-ақ сатылған билет көлеміне сәйкес белгіленеді.
Қазақстандық БАҚ не жазды:
Baq.kz: Қазақстанда цифрлық фабрикалар пайда болады. 2025 жылға дейін тау-кен-металлургия саласында 140,2 млрд теңгеге 14 цифрлық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жалпы елімізде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша тау-кен-металлургия кешенінде бірнеше ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Соның бірі – өндірісті атоматтандыруға бағытталған, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар базасында модельдік цифрлық фабрикалар құру болып табылады. Қазақстандық өндіріс бұл бағытқа әлі де жеткілікті деңгейде қызығушылық танытып отырған жоқ. Бұған компаниялардың экономикалық тиімділікті дұрыс түсінбей отырғаны және білікті кадрлардың жетіспеушілігі себепкер. Әйткенмен, модельдік цифрлық фабрикаларды 2020 жылға дейін құру жоспарда бар.
Inform.kz: Жер комиссиясының отырыстары онлайн көрсетілетін болды. Жер комиссиясы отырысын тіркеуді қамтамасыз ететін аудио-бейнежазба құралдарын қолдану, аудио-бейнежазбаны сақтау қағидалары және аудио-бейнежазбаға қол жеткізу қағидалары бекітілді. Енді Жер комиссиясының әрбір отырысын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының (ЖАО) ресми интернет-ресурстарында онлайн трансляциялап,аудио-бейнежазбасы жазылып отырады.
Дереккөз: https://informburo.kz