Қазақстанда әр қар барысына ат беріледі — Бір үзік
Қазақстанда жабайы табиғаттағы қар барыстарын сақтау мен есепке алу әдістері күшейтіледі, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы зообағы директорының кеңесшісі Ержан Еркінабев Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, таяуда Snow Leopard Foundation халықаралық қоры жұмысының белсенді фазасын бастады. Қор мақсаты — Қазақстандағы қар барысының популяциясын қалпына келтіру. Бұл мақсатта ұйым қызметкерлері браконьерлерден алынған жарады барыстарға арналған қалпына келтіру орталығын және оларды қайта жабайы табиғатқа жіберуге дайындайтын тәлімбақ ашуға ниетті. Сондай-ақ қордағылар табиғаттағы қар барыстарын есептеп, сақтаудың әдістерін күшейткелі отыр.
«Фотоқақпанның арқасында қаншау екенін анықтап, ID паспортын жасап, әр барысқа ат береміз. Сөйтсек, фотоқақпанда сим-карта бар екен, ол суретті кеңсеге дереу жібереді. Қазақстанда жүзге жуық барыс бар шығар, ал фотоқақпанымыз болғаны өңірде 15-ақ. Зоология инстутымен және Ұлттық саябақпен бірлесіп, әдістеме жасап, осы жануарды есепке алу мен сақтаудың қажетті техникасын сатып алғымы келіп отыр», — дейді Еркінбаев.
Айта кетейік, бағдарламаны негізін Нұрәлі Әлиев қалаған Snow Leopard Foundation қоры қаржыландырады. Оның жетекшілігімен Қазақстандағы қар барыстарын сақтап қалуға арналған KingdomofSnowLeopard жобасы іске қосылған. Нұрәлі Әлиевтің айтуынша, ол осы қорды ашу идеясын көп ойлап, Қазақстанда алдағы ондаған жылға қар барыстарының популяциясын қалпына келтіретін осындай жоба құру қажет деп тауыпты.
«Қар барысы — тәуелсіз Қазақстанның символы. Алайда ширек ғасырға жетпейтін уақытта Қазақстанда оның популяциясына 40 пайызға қысқарып қалған», — деп атап өтті ол.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz