«Канелоның» неден қорқатыны белгілі болды

0
Спорт

Қысқа сілтеме алу

39 0 0

Журналист «Канелоға» өз фанаттарына Головкинді Лас-Вегастан басқа жерде жеңе алатынын дәлелдеу қиынға соғатынын айтты

АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. BoxingNews24.com порталының журналисі Дэн Эмброуз мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің неден қорқатынын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Оның айтуынша, «Канелоға» өз фанаттарына Головкинді Лас-Вегастан басқа жерде жеңе алатынын дәлелдеу қиынға соғады. Себебі оның келесі жекпе-жегі 4 мамырға Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында жоспарланған. Журналист «Канелоның» Головкинге қарсы екі даулы жекпе-жегі де осы аренада өткенін еске салды. 

«Канелоның» соңғы жекпе-жегі Лас-Вегастан тыс, Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті. Бірақ бұл жекпе-жекте ол Чарло, Джейкобс, Андраде немесе Каллум Смит секілді мықты боксшылармен емес, әлсіз чемпион Рокки Филдингпен жұдырықтасты. Егер «Канелоның» T-Mobile Arena-ға оралуының басты себебі – оның бұл аренадан басқа жерде жеңіліп қалудан қорқатыны болса, онда бұл қапаланатын жағдай», — деп жазды журналист. 

Еске сала кетсек, Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу туралы келіссөз басталғанын мәлімдеген еді. 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/