Қазақстанда 8 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

0
79

Sputnik Қазақстан 7 ақпанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 8-22 ақпан аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

8 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – «Чарующая Франция» атты Forte Trio концерті өтеді («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

18.00 – «Золушка» балеті сахналанады. Хореограф-қоюшы, либретто авторы – Надежда Калинина («Астана Балет» театры, Ұлы Дала көшесі, 9).

АЛМАТЫ

17.30 – Журналист, ақын, музыкант Тахир Узденовты қолдауға арналған авторлық әндердің қайырымдылық концерті. Тахирдің өкпесіне ота жасалды. Концерттен түскен ақша оның ем-домына жұмсалады. (La Bohême театры).

ҚОСТАНАЙ

16.30 – Санкт-Петербург фотографы Сергей Ларенковтың «Блокадалық альбом» атты фотожобасы. Оны даярлауға Ресейдің ынтымақтастық агенттігінің Қазақстандағы өкілділігі атсалысты. Экспозицияға 20 фотоколлаж енді. Автор қазіргі Санкт-Петербург пен блокадалық Ленинградтың фотоларын шебер ұйқастыра білген. (Костанай, облыстық орыс драма театры, Баймағамбетов көшесі, 191. Байланыс телефоны +7 701 054 71 77).

9 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

2022 жылы Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу бойынша Олимпиада алдындағы біліктілік турнирінің «Н» тобындағы кездесулер өткізіледі («Барыс Арена» мұз сарайы, Тұран даңғылы, 57).

13:00 – Нидерланды – Украина
17:00 – Қазақстан – Польша
12.00 – «Peter and the Wolf» симфониялық ертегісі қойылады («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

17.00 – «Сделано в Астане» атты Neon Winchester тобының үш жылдығына арналған концерт ұйымдастырылады («Самал» шағын ауданы, 11, «The Friendly`s» клубы).

11 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

11.00 – Орталық Азия суретшілерінің «Ornamentum» атты көрмесі (Aspan Gallery, Villa Boutiques & Restaurants, Әл-Фараби даңғылы, 140А).

12 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – –»Солодан квартетке дейін» концерті. Шара кезінде ХХ ғасыр композиторларының шығармалары орындалады. («Астана Опера» театры).

АЛМАТЫ

10.00 – Valentine’s Market жәрмеңкесі. Сатылымға экотауарлар, hand made бұйымдары, аспаздық өнімдер, экокосметика, сыйлықтар мен аксессуарлар, ойыншықтар мен кәдесыйлар, керамика мен декупаж өнімдері шығарылады. Көрме екі күнге созылады. (Ramstore All In, Назарбаев даңғылы, 226).

ҚАРАҒАНДЫ

19.00 – «Жай кино емес» қысқаметражды фильмдердің байқауы. Шара кезінде Чувашия, Якутия, Татарстан мен Қазақстан кинематографистерінің жұмыстары көрсетіледі. Кіру тегін. (Қарағанды, Sary Arka cinema кинотеатры, Космонавтов көшесі, 1в. Байланыс телефондары +7 701 261 39 64, + 7 702 113 1064).

13 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Бос орындардың қалалық жәрмеңкесі. Шара оқу орындарының түлектеріне және жұмыссыз жүрген жастарға арналған.  (Казақ бизнес және технологиялар университеті, Қайым Мұхамедханов көшесі, 37А. Байланыс телефоны: +7 778 951 22 79).

19.00 – Серік Нұрмолдаевтың Romantic Sybyzgy тақырыптық кеші өтеді («Қазақстан» орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

14 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.30 – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор мен дирижер Жалғасбек Бегендіковтың «Сиқырлы таяқша құдіреті» атты шығармашылық концерті ұйымдастырылады («Құрманғазы» оркестрінің концерт залы, Абылай хан даңғылы, 83. Байланыс телефоны: +7 (727) 279 14 26).

15 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – LA VIE EN ROSE француз музыкасының кеші болады. Концертте Қазақконцерттің солисі, вокалшы Гүлнәр Көшенова өнер көрсетеді. Ол «Х-фактор», «Қазақстан дауысы» және Top jargan сияқты тележобалардың финалына шыққан. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты («Қазақстан» орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

22 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

11.00 – Almaty Illustration Fair 2020  иллюстраторлар фестивалі (Almaty Gallery сурет галереясы, Достық даңғылы, 44).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz