Қазақстанда 42 градус аяз күтіледі

0

Синоптиктер температураның күрт төмендеуін болжап отыр.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз күтеледі, деп хабарлайды Zakon.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

28-қаңтар күні Солтүстік Қазақстан, Ақмола, 29-қаңтарда Павлодар, Қарағанды облыстарында температура күр төмендеп, 30-35, кей жерлерінде 38 градусқа дейін аяз болады деп күтіледі.

28-қаңтар күні түнде Қостанай облысында сынап бағанасы күрт төмендеп, 28-33, кей жерлерінде 35 градус аяз болуы ықтимал.

28-29-қаңтар күндері аралығында түнгі уақытта Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы төмендеп, 28-33, кей жерлерінде 37-42 градус аяз болады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/