Қазақстанда 311 адамның коронавиурс жұқтырғаны анықталды
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың басым көпшілігі Атырау облысында тіркелді. 142 адамның тексеру қорытындысы оң нәтиже көрсеткен
НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, өткен тәулікте елімізде 311 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталып, өсім 4,8% құрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Қазақстанның көптеген аймағы мен қалаларында коронавирусты жұқтыру жағдайлары анықталды. Олардың ең көбі Атырау облысында – 142 адамның тексеру қорытындысы оң нәтиже көрсетті», – делінген баспасөз хабарламасында.
- Нұр-Сұлтан қаласы – 36 (2,9%)
- Алматы қаласы – 24 (1,3%)
- Шымкент қаласы – 31 (7,6%)
- Атырау облысы – 142 (22,6%)
- Қостанай облысы – 19 (24,1%)
- Түркістан облысы – 18 (8,2%)
- Ақмола облысы – 8 (6,3%)
- Қарағанды облысы – 13 (5,2%)
- Солтүстік Қазақстан облысы – 1 (2,6%)
- Батыс Қазақстан облысы – 6 (1,9%)
- Қызылорда облысы – 4 (1,6%)
- Алматы облысы – 3 (1,4%)
- Жамбыл облысы – 3 (1,5%)
- Павлодар облысы – 2 (1,2%)
- Маңғыстау облысы – 1 (0,6%).
Жалпы, республика бойынша аталған дертпен ауырғандар саны 6 751 адамға жетсе, 3 469 науқас жазылып шықты. Ал індет салдарынан 35 адам көз жұмды.
sputniknews.kz