«Қара бүркіттің» 19 қызметкері коронавирус жұқтырды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қостанай облысының Жітіқара қаласында «Қара бүркіттің» 19 қызметкерінен коронавирус табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

ПТР диагностикалық зерттеулерінің нәтижелері бойынша СOVID-19 диагнозы 11 ер адам мен 8 әйелде расталды. Олардың барлығы — «УК-161/3 мекемесі» РММ-нің 21 жастан 54 жасқа дейінгі қызметкерлері. Бұл адамдар бұрын ауырған науқастармен тығыз байланыста болған. 

Сондай-ақ, қызметкерлердің казармалық жағдайда болғаны, колониядан ешкім шықпағаны атап өтілді. Қазіргі уақытта науқастар Жітіқара қалалық ауруханасына жеткізілді. Олар бекітілген хаттамаға сәйкес ем алады. 

Қазіргі уақытта Қостанай облысында COVID-19 жұқтырудың 98 жағдайы анықталды, 47 адам сауығып, шығарылды.

«Қара бүркіт» (ресми атауы — УК-161/3 мекемесі) — Қостанай облысындағы төтенше қауіпсіздік мекемесі. Колония Жітіқара қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан. 2004 жылдан бастап онда өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған аса қауіпті қылмыскерлер үшін жергілікті учаске бар.

«Қара бүркітте» жазасын өтеп жатқандардың қатарында Владислав Челах, «алматылық мерген» Руслан Күлекбаев және басқалары бар.

stan.kz