Қазақстанда 29 желтоқсанда өтетін маңызды шараларға шолу

2018 жылғы 28 желтоқсан 19:29 192

АСТАНА. ҚазАқпарат — «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстанда 29 желтоқсан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
АСТАНА
Сағат 10.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде — өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге тарифтерді төмендету шаралары.
Сағат 12.00-де «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының атриумында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңажылдық қайырымдылық шарасы өтеді.
Сағат 14.00-де Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында мұғалімдерге, дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне 1 млн теңге көлемінде бастапқы жарнаны субсидиялауға арналған бағдарлама бойынша алғашқы «тұрғын үй сертификаттарын» тапсырады.
Сағат 15.00-де Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов астаналықтарға тұрғын үй кілттерін тапсырады.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz