Қазақстанда 28 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады
Sputnik Қазақстан 28 шілдедегі маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ 29 шілдеге не жоспарланғанын біле аласыз
28 шілдеге жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
12.00 – Жапон мәдениеті туралы HANABI аниме фестивалі өтеді (Қазмедиа орталығы, Дінмұхаммед Қонаев көшесі, 4).
16.00 – Әйгерім Қапардың қатысуымен «Воспоминания. Диалоги памяти» экскурсиялық көрмесі өтеді. Шара Astana Art Show аясында жоспарланған (Республики даңғылы, 33а, TSE Art Destination галереясы).
АЛМАТЫ
08.30 – скайраннингтен ашық Қазақстан чемпионаты өтеді (Медеу спорт кешені, анықтама телефондары +7 707 782 77 02, +7 (727) 222 00 36).
13:00 – Book Crossing кітап айырбастау шарасы. Шараға қатысушылар сағат 13:00-14:00 аралығында белгіленген жерге келіп, кітабын үстелдің үстіне қоюы керек. Ал 14:00-де кітап айырбастау басталады («451 градус» әдебиет клубы, Жібек жолы даңғылы, 135);
29 шілдеге жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
11.00 – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 2019 жылдың бірінші жарты жылдығын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Шараға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Жылқыбаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев қатысады (Аккредитация: +7 (7172) 74 58 64, press.kpm@mail.ru).
АЛМАТЫ
10.00 – репродуктивті денсаулық, жыныстық білім беру және жас отбасыларды үлкен өмірге дайындау мәселелеріне арналған тренинг өтеді (Әл-Фараби даңғылы, 15, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, +7 (727) 311 56 63).
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
10.30 – «Газет-журналдарды дрон арқылы жеткізу» тақырыбында баспасөз туры өтеді. 2018 жылы Қазпошта Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ауылдарға 16 тоннадан астам газет-журналды дрон арқылы жеткізді. Жоба аясында 150 елді мекен мен алты облыс қамтылған. Биыл жобаның аумағын кеңейту жоспарланып отыр. 2019 жылдың тамызынан бастап Маңғыстау облысына да газет-журналдарды дронмен жеткізе бастайды.
Шара барысында «Қазпошта» АҚ мен Adrome Automation компаниясының өкілдері дронды ұшырып көрсетіп, жоба туралы толығырақ мәлімет береді (Түпқараған ауданы, Ақшүкір ауылы. Баспасөз турына қатысушыларды тасымалдау ұйымдастырылады. 09.40-та Ақтау қаласындағы «Қазпошта» АҚ-ның орталық бөлімінің алдына жиналу керек, 14-ші шағын аудан, 61-ші үй. Акредитация: + 7 702 814 39 66 нөмірі немесе t.amandyq@kazpost.kz электронды поштасы арқылы).
sputniknews.kz