Үйге қайтып келе жатқанда ұрсысып қалған ерлі-зайыпты өз қызына қиянат жасады

0

Сәбидің әке-шешесінің үстінен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, 27 шілде — Sputnik. Қазан қаласында жергілікті тұрғындар түнде жол жиегінен бір жасар қызды тауып алды, деп хабарлайды kazanfirst.ru.

Кішкентай баланы жолда әке-шешесінің тастап кеткені анықталды. Қазан ішкі істер министрлігі басқармасының мәліметі бойынша отбасы көлікпен үйге қайтып келе жатқан. Жолда ерлі-зайыптылардың арасында ұрыс шығып, отағасы әйелі мен қызын түсіріп кетеді. Ол шешесі баласын алып, үйге жаяу жетеді деп ойлаған. Бірақ ер адам ойлағандай болмады: әйел қызын шөптің үстіне тастап, өзі басы ауған жаққа кетіп отырған.

Сәбиді сол маңнан өтіп бара жатқан жүргізушілер көріп қалып, полиция шақырған. Дәрігерлер балаға ангина диагнозын қойып, ауруханаға алып кетеді.

Тағы оқыңыз: Жиырма секундтық видео сәбидің өмірін құтқарды

27 жастағы отағасы тек түн ортасында ғана әйелі мен қызын іздей бастайды. Оларды тастап кеткен жерге қайтып келген ол полицейлердің үстінен түседі. Тек осыдан кейін ғана ер адам келіншегіне хабарласып, баланы жедел жәрдем алып кеткенін хабарлайды. Әйелдің қайда болғанын қазір тергеушілер анықтап жатыр. Қыздың ата-анасының үстінен іс қозғалып, тергеу комитетіне жіберілді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз