Қазақстанда 2 миллионнан астам науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған

0
24 Қараша 2018, 11:47 313 0

Фото: kaztag.info

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Әсері жақсы және өмірге қауіп төндірмейтін дәрі-дәрмексіз сапалы медициналық көмек көрсетілуі мүмкін емес. Бұл туралы Астанада өткен «Денсаулық сақтаудағы инновациялар» халықаралық ғылыми-практикалық форумында айтылды.

Қазақстан азаматтарының дәрі-дәрмекпен қамтылуы назар аударарлық дүние.

«Бүгінгі таңда мемлекет 2 миллионнан астам науқасты тегін және жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмекпен қамтып отыр. 2010 жылы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу азаматтарға емделу үшін кез келген өңірдегі аурухананы, оның ішінде республикалық емханаларды таңдауға мүмкіндік берді», — дейді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

2011 жылдан бері ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі көліктік медицинаны дамыту арқылы қамтамасыз етіліп келеді: санитарлық авиация қызметі құрылды, мобильді медициналық кешендер мен пойыздар және негізгі бағыттар бойынша медициналық және құтқару пункттері жұмыс істейді.

«7 жыл ішінде 8 мыңға жуық санитарлық авиациясы көмек көрсету мақсатында ұшып, 10 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетілді», — дейді ол.

22-23 қараша күндері Астана қаласында жылдың ең басты медициналық шарасы өткенін жазған болатынбыз. Отандық және шетелдік білікті дәрігерлердің қатысуымен өтіп жатқан форумда болашақ роботты хирургияда екені, сондай-ақ Қазақстанда үш жыл бұрын ЭКО арқылы 14 000 сәби өмірге келгені туралы және Қазақстанда алғаш рет жүрегін ауыстырған адам туралы айтылды.

Кеше Орталық коммуникациялыр қызметінде өткен брифингте 2019 жылы Қазақстанға 50 миллиард теңгенің тегін берілетін дәрі-дәрмегі әкелінетіні туралы айтылды.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ