Тараздағы «Ауыл-Береке» базарында киім-кешек бутиктері өртенді – Тосын жай

0
162

Таразда «Ауыл-Береке» базары өртенді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде өрттің видеосы пайда болды.

Тілсіз жау бірнеше контейнерді шарпыған. Тауарларын құтқаруға тырысқан саудагерлер оларды көшеге тасыды. Тауарлардың басым бөлігі киім-кешек.

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, киім сататын тоғыз бутик жанып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, өрттің аумағы – 700 шаршы метр. Өрт сағат 09.47-де ауыздықталып, 10.01-де сөндірілді.

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Жамбыл облыстық ТЖД-дан 49 адам мен 10 техника жұмылдырылды. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


© ҚР ІІМ ТЖК