Қазақстанда 18 қаңтардан студенттердің қалай оқитыны белгілі болды
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дауленов 18 қаңтардан жаңа семестр басталатынын хабарлады.
Оның айтуынша, дәрістер онлайн, ал семинарлар мен практикалық сабақтар, зертханалардағы жұмыстың барлығы офлайн өтеді.
Қалған студенттер үшін сабақ қашықтықтан оқытылады.
«1-курста білім алатын 150 мың адам аралас форматта оқиды. Ал қалғандары бұрынғыдай қашықтан білім алады», — деді ол ОКҚ пресс-конференциясында.
Аудиторияда жалпы студенттердің тек 40%-ына отыруға рұқсат. Сондай-ақ, олардың арасындағы қашықтық 2 метрден кем болмауы тиіс. Жатақханаларға келсек, студенттердің 50%-ына ғана келуге рұқсат. Мұнымен қатар, ол ЖОО-лардың мақсатты түрде білім сапасын жақсарту үшін жұмыс істейтініне тоқталды.