Қазақстан журналистері арасында тау шаңғысы бойынша жарыс өтті

0

Бүгін 11 желтоқсан «Шымбұлақ» курортында қазақстандық журналистер арасында тау шаңғысынан жарыс өтті. Дода осымен БАҚ өкілдері арасында «слалом-гигант» тәртібі бойынша екінші мәрте өтіп отыр. Жарысты SCIJ Kazakhstan шаңғышы журналистер клубы «Шымбұлақ» ТШК-мен бірлесе отырып, «Technodom» компаниясының қолдауымен ұйымдастырды.

Жарысқа KzNews.kz сайты, «Время», Tengrinews, «Жас Алаш», «Жас Қазак», «Литер», «Курсив», «МК в Казахстане», Prosports.kz, Vesti.kz басылымдары мен КТК, «Евразия» арнасы және басқа да БАҚ өкілдерінен 25 журналист бақ сынады. Жеңімпаздарға жүлдені «Шымбұлақ» ТШК бас директоры Ринат Әбдірахманов табыс етті.

Жарыс қорытындысы:

Слалом-гигант (әйелдер)

1 орын: Баженова Ирина («Время» республикалық газеті)

2 орын: Николаева Татьяна («Курсив» іскерлік апталық газеті)

3 орын: Наумецкая Анастасия (шаңғышы-журналистер клубы командасының капитаны, «Fashion collection» журналы)

Слалом-гигант (ерлер)

1 орын: Ильин Егор («Prosports.kz» тілшісі)

2 орын: Кукушкин Андрей (белсенді журналист, «Информресурс» коммуникациялық агенттігі)

3 орын: Михеев Павел («Литер» газетінің фототілшісі)

SCIJ Kazakhstan – тау шаңғысы және шаңғы тебу спортымен айналысатын БАҚ саласында жұмыс істейтін кәсіби журналистерден құралған қоғамдық ұйым. Қазақстандық SCIJ клубы 2012 жылы құрылып, 2013 жылы Халықаралық SCIJ ұйымына қабылданды.

SCIJ (International Ski Club of Journalists, http://www.scij.info) – 1951 жылы құрылған және 38 елдің журналистерін біріктірген әйгілі әлемдік клуб. Клубтың негізін қалаушы Куршавелден шыққан Жиль де Рокк, ол қырғиқабақ соғыстың қайнап тұрған кезінде осы клубты құру идеясын ұсынып, Батыс пен Шығыстың журналистерінің кәсіби және спорттық қызығушылығы арқылы жақын араласуына ықпал етуді мақсат етті.

Клуб мүшелері жыл сайын әлемнің ең мықты деген шаңғы жолдарында кездесу өткізіп тұрады. Алғашқы осындай кездесу 1955 жылы Францияның Мерибелінде өтті, содан бері 67 халықаралық кездесу өтіп, 70-ке жуық тау шаңғы курорты SCIJ клубын қабылдады. Дәстүр бойынша, мұндай кездесулерге 250-дей журналист қатысып, шаңғы спортын белсенді түрде насихаттап келеді. Әр кездесу сайын слалом-гигант пен шаңғы тебу бойынша сайысқа түседі, мұны журналистер арасындағы бейресми әлем чемпионаты, саяси және кәсіби тақырыптарға арналған пікірталас алаңы, жарыс өткізуші тарап өкілдерімен және демеушілермен кездесу, сұхбаттасу, жақын қарым-қатынас орнату деп атауға да болады.

SCIJ клубына мүше елдер жарысты өз елдерінде өткізуді үлкен жетістік деп есептейді. 2014 жылы Швейцарияда (Шампери -Порт Дю Солей), 2015 жылы Испанияда (Валь’д’Аран -Бакейра Берет), 2016 жылы Италияда «Сестриере), 2017 жылы Францияда (Вал Сени), 2018 жылы Болгарияда (Пампорово), 2019 жылы Вал д”Орли (Франция), 2020 жылы Роза Хутор (Ресей) тау шаңғы курортында өтті.

Қазақстан алғаш 2012 жылы Түркияда өткен жыл сайынғы дәстүрлі жиынға қонақ ретінде қатысып, 2013 жылы Италиядағы 60-шы мерейтойлық кездесуде SCIJ құрамына ресми түрде қабылданды. Қазақстан құрамасы Италияда өткен кездесуде 34 елден келген 245 журналистің алдында еліміз туралы және оның тау-шаңғы курорттары жайлы, туристік және спорт жағынан мүмкіндіктері жөнінде таныстырылым жасады. Өзге елден келген әріптестер мен SCIJ халықаралық комитетінің біздің елге үлкен қызығушылық танытып келеді. Қазіргі таңда SCIJ халықаралық клубының құрамына 46 елден 2000 адам кіреді.

Биыл Ресейдегі «Роза Хутор» тау-шаңғы курортында өткен халықаралық кездесуде Қазақстан командасы келесі кездесуді Қазақстанда өткізу құқығын жеңіп алды. Кездесу 2021 жылдың желтоқсанында «Шымбұлақта» өтеді, бұл SCIJ тарихындағы және Қазақстан тау шаңғысы тарихындағы елеулі оқиға болмақ.

Қазақстандық SCIJ клубының негізгі мақсаты барлық азаматтар мен журналист-әріптестер арасында қысқы спорт түрлері мен саламатты өмір салтын насихаттау. Аздаған жыл ішінде SCIJ клубының мүшелері 6-дан 30-ға дейін өсті. Айта кетерлігі, көптеген журналистер осы клубтың арқасында алғаш рет шаңғы тебуді үйренді. Клуб жетекшілері кезекті сайыс өткеннен кейін клуб құрамы жаңа журналистермен толығады деп сенеді.

«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты жеті жылдан бері Қазақстан журналистерінен құрылған клубтың серіктесі болып келеді. «Шымбұлақтың» қолдауы нәтижесінде жарыс өткізуге, жаңадан үйреніп жүргендерді жарысқа тартуға, журналистерді әуесқой тау шаңғышыларының қатарына қосуға мүмкіндік алдық. Осы жылдар ішінде клуб мүшелері «Шымбұлақтың» көптеген іс-шараларына атсалысты. Бұл әріптестіктің нәтижесінде көптеген репортаждар, мақалалар жазылып, түрлі материалдар жарияланды.