Әскери техникалар жинала бастады: ҰҚК шекара қызметі мәселені түсіндірді

0

Маңғыстау облысының аумағында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Терроризмге қарсы орталығының бастамасымен өткізілетін «Каспий — Антитеррор-2021» бірлескен терроризмге қарсы оқу-жаттығуы шеңберінде Шекара қызметі өз бөлімшелерін қайта топтастыруды жүргізуде.

Техника легінің қозғалысы әскери полицияның алып жүруімен жүзеге асырылады. Жоспарлы оқу-жаттығулар екі кезеңде өтеді және 2021 жылғы 2 қыркүйекке дейін жалғасады.

«Оқу-жаттығудың мақсаты – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағында терроризм актілерін дайындау белгілерін анықтау және жолын кесу кезінде күштер мен құралдарды кешенді қолдануды бірлесіп пысықтау» дейді ҰҚК баспасөз қызметі.