Қазақстан үкіметінде ауыс-түйіс болды

0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Бейбіт Атамқұлов сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарған.

Атамқұловтың орнына «Қазатомпром» компаниясын басқарған Асқар Жұмағалиев министр болды.

Осыған дейін сыртқы істер министрі болған Қайрат Әбдірахмановтың қандай қызметке ауысқаны белгісіз.

Президент жарлығымен инвестициялар және даму министрлігі қайта құрылып, атауы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі деп өзгерді.

Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір қызметтері ұлттық экономика (инвестиция тарту cаясатын құру және жоспарлау) және сыртқы істер министрлігіне (инвестиция тарту саясатын жүзеге асыру) берілді.

Жаңа министрлікті бұрынғы инвестициялар және даму министрі болған Жеңіс Қасымбек басқарады.

Дереккөз: Азаттық