«Қазақстан терактіні қатаң айыптайды»: Тоқаев Путинге көңіл айтты

0

Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеу түбіндегі атысқа қатысты Владимир Путинге көңіл айтты.

Бұл туралы Ақорда хабарлады. «️Мемлекет басшысы терроризмді мүлде ақтауға болмайды деп санайды. Ол БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырады», — делінген Ақорда хабарында. ️Президенттің тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.