Мәскеудегі теракт кезінде онда оқып жүрген қазақстандықтар жапа шеккен жоқ – Саясат Нұрбек

0

Мәскеудегі теракт кезінде онда оқып жүрген қазақстандық азаматтар жапа шеккен жоқ. Бұл туралы  ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек телеграм-арнасында мәлім етті, деп хабарлайды Kznews.kz.

«22 наурызда Мәскеу облысындағы Crocus City Hall концерт залында теракт болды. Ресей Федерациясында «Болашақ» және «500 ғалым» бағдарламасы бойынша бүгінде 32 қазақстандық азамат білім алуда, 24 стипендиат Мәскеуде. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Барлық стипендиаттар байланысқа шықты», — деп жазды министр.
Бұған дейін хабарланғандай, белгісіз біреулер Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласындағы Крокус сити холл ғимаратында адамдарға оқ жаудырған еді.

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.