Қазақстан тарапы Ресей мен Украинаны келісімге келуге шақырды — новости Казахстана

Азов теңізіндегі Ресей мен Украинаның арасында орын алған қақтығысқа Қазақстан алаңдаушылық танытып отыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: РБК-Украина
«Біз екі тарапты да барынша жауапкершілік танытып, шиеленістің ушығуына жол бермеуге шақырамыз», — дейді Смадияров.
Сыртқы істер министрлігі мәлім еткендей, осындай жағдайлардың алдын алып, бақылауда ұстау үшін арнайы ережелер керек.
«Екіншіден, сенімділікті қалыпқа келтіру қажет», — деді ол.
Сондай-ақ, ол бүгін БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде Азов теңізіндегі жағдай бойынша талқылау өтетінін айтып өтті.
«Қазақстан өз кезегінде шиеленісті басу үшін айтылатын ұсыныстарды қолдауға дайын», — деді министрлік өкілі.
Айта кетейік, 25 қараша күні Керчь бұғазында ресейлік шекарашылар мен украиналық кеменің үш қызметкері арасында кикілжің туындаған.
Осыдан кейін Украинаның әскери күштерін жауынгерлік дайындыққа көшіргені хабарланған. Сондай-ақ, Ресей мен Украина БҰҰ кеңесінен кезектен тыс жиынын шұғыл өткізуді сұрады.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар