Танымал әншіні үйінің ауласында атып кеткен

0
96
Танымал әншіні үйінің ауласында атып кеткен


Махачкалада белгісіз бір адам дағыстандық әнші Машидат Омарасхабованы өз үйінің ауласында атып кетті. 

Дағыстанның ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қанды оқиға кеше түнгі 23:00-де болған.

«Омарасхабова үйінің ауласында белгісіз бір адамның қолынан жарақат алды. Әнші ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Әнші жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған», — деді республиканың ІІМ Бас басқармасының өкілі.

Ішкі істер министрлігінің өкілі қаруды қолданумен денсаулығына елеулі зиян келтірген факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. Айта кетейік, Машидат Омарасхабова — Дағыстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Гамзат Цадас атындағы Авар музыкалық-драма театрында жұмыс істейді.