Қазақстан Ресейдің Байқоңырды жалдау ақысын қымбаттатты
Қазақстан Ресейдің Байқоңырды жалдау ақысын қымбаттатты. Аренда құны 3 млрд 2 миллион теңгені құрайды. Бұл сома алдағы уақытта көтерілуі мүмкін. Осылайша санкцияларға көміліп жатқан көршілеріміздің қалтасына салмақ түсетін түрі бар. Сондықтан Ресей жалдау ақысын доллардан рубльге көшкенін қалайды. Алайда Қазақстан оған келісе ме? Әлде Ресей билігі Байқоңырдан бас тарта ма?
Ракета ғана емес, доллар да ұшады. Әсте екеуі де жақсы емес. Бірақ Қазақстан бюджетіне көл көсір пайда. Осылайша Байқоңыр Мәскеуге 58 млрд 650 миллион теңгеге түспек.
Бұл туралы Әміржан Қосанов пікір білдірді:
«Негізі келісімшартқа сүйенуіміз керек. Біздің билік принциптік тегеурінді позиция ұстанғаны дұрыс. Рубльге көшсек құрдымға кетеміз» — деді.
Мәскеу жылына елімізге 115 миллион доллар төлеп тұрады. Ал соңғы 27 жылда ғарыш арендасынан 3 миллиард доллар түскен. Жақсы сома, алайда осы қаржының бір бөлігін жергілікті тұрғындарды денсаулығына жұмсау ешкімнің ойына келмеген. Қазақ мектептері мен бала-бақшаларының да жағдайы мәз емес. Оларға «Президент — Путин, астана — Мәскеу» деп оқылатын көрінеді. Жақында Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты акция жүргізілді.
ҚР Парламертінің сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлының пікірінше, бұл дұрыс нәрсе емес. Осыны ұйымдастырған адамдар жазалануы керек. Себебі балаларды саясатқа айналдырудың қажеті жоқ.
Қр Парламент Сенат депутаты бұл тұрғыда:
«Бұл адам құқығын бұзу болып саналады. Осындай оқиғалар орын алатын болса, арнайы орындарға, балалар құқығымен айналысатын уәкілге жеткізу керек, — дейді Мұхтар-Құл Мұхаммед.
РосКосмос басшысы Министр Асқар Омаровты ұлтжандылығы үшін ұнатпайтынын және Қазақ жеріндегі Байқоңырға баруына тыйым салған еді. 1994 жылы Ресейге жалға 20 жылға берілген жердің жағдайы осылай жалғасып келеді.
- (Ақпарат: Аtameken Bussines News , Фото: ria.ru )